Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырмағандар қай вакцинаны салдырғанын айтты

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бас санитар дәрігер жазбасын Facebook-парақшасында жариялады.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, биылғы сәуір айынан бастап Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вакцинацияның толық курсын алғандардан, яғни екпе алғаннан кейінгі 42-45 күннен соң COVID-19-ға мониторинг жүргізді.

Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алған 980 мыңнан астам азаматтың 3 239-ы қайта ауырған, бұл 0,33%. Вакцинацияның толық курсын алғаннан кейін Алматыда коронавирус инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жағдай мынадай: «Спутник V» — 0,37%, «Синовак» — 0,19%, QazCovid-in (Qazvac) — 0,17%, — деп хабарлады ол.

Қаланың бас санитар дәрігері науқастардың басым көпшілігінде ауру жеңіл болғанын айтты.

Статистика бойынша, QazCovid-in екпесінен кейін ауырғандар аз тіркелген. Қалалық аурухананың емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарының мәліметінше, отандық препаратпен вакцинациядан кейін науқастарда басқа екпемен салыстырғанда жанама әсерлер аз байқалады, — деді Жандарбек Бекшин.

Ол сонымен бірге QazCovid-in екпесін салдырғандар арасында ауруханаға жату проценті басқа препараттармен салыстырғанда айтарлықтай аз байқалатынын айтты.

Бұл біздің елдегі пандемиямен күресте жақсы көрсеткіш. Отандық вакцинаны алғаннан кейін инфекциялық стационардың қызметкерлері ревакцинация үшін QazCovid-in-ді лайықты қорғаныс ретінде таңдағанын атап өткім келеді, — дейді бас санитар дәрігер.

Жандарбек Бекшин санитария талабын сақтау керегін еске салып, вакцинацияны кейінге қалдырмауға үндеді. Өйткені тек ұжымдық иммунитет пандемияны тоқтататынын айтты.