Қазақстанда ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда жоғары

Ақпарат ресурсы биыл елдегі әйелдердің орташа номиналды айлығы қанша болғанын есептеп, ерлердің айлығымен салыстырған.

Биыл әйелдердің орташа номиналды жалақысы 202,3 мың теңге болды. Салыстырсақ, ерлердің көрсеткіші 246,3 мың теңгеге жеткен. Бірдей салада жұмыс істейтін ерлер әйелдерге қарағанда 21,7% жоғары жалақы алады. Әсіресе балық аулау және аква шаруашылықта (70,7%), қаржы және сақтандыру қызметінде (46,6%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (31,2%), тау-кен өнеркәсібінде (27,2% айырмашылық жоғары, — деп жазылған талдауда.

Қазақстан биыл гендерлік теңдіктің жаһандық рейтингінде 156 мемлекет арасынан 80-ші орынға табан тіреді.

Рейтингіде Қазақстаннан жоғары тұрған елдердің ішінде Украина мен Беларусь те бар. Әзірге гендерлік теңдік деңгейі бойынша Қазақстан Ресеймен бірге Таиланд пен Танзания арасында қалып отыр, — деп жазады Energyprom.