Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Тәуелсіздік күніне орай Алматы көшелері қалай безендірілді?

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырыптық безендіру мерейтой күнінің салтанатын, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятуды, Тәуелсіздік жетістіктері туралы ойларды, сүйікті қала мен елге деген құрметті білдіреді, — деп атап өтті Алматы әкімдігінің өкілдері.

Тәуелсіздік мерекесі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәулет-көркем жарықтандыру Республика, Астана алаңдарында, Тұңғыш президент саябағында, «Медеу» жанына, «Алатау креатив хаб» ғимаратының алдына орнатылған. Бүкіл қала бойынша мерекелік билбордтар орналастырылды.

Тәуелсіздік күніне орай Алматы көшелері қалай безендірілді?
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлттық кітапхананың алдында ерекше инсталляция – Тәуелсіздіктің мерейтойлық датасы белгіленген текше пайда болды. Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда киіз үй және шаңырақ түрінде инсталляция орнатылған, ол қараңғыда жарыққа оранып, ерекше сипатқа бөленеді. Шаңырақтың әр керегесі мемлекеттіліктің қалыптасуындағы белгілі бір кезеңді білдіреді. Композиция заманауи эстетикалық материалдардан жасалған.

Тәуелсіздік күніне орай Алматы көшелері қалай безендірілді?
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы бір мерекелік құрылым Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда орнатылды. Ескерткіште қанатты барысты басқаратын «Алтын Адам» бейнеленген, ол Қазақстан жеріндегі берік мемлекеттік билікті бейнелейді.

Тәуелсіздік күніне орай Алматы көшелері қалай безендірілді?
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақалаға реакция