Басты бетҚоғам"Қар, тұман...

«Қар, тұман және көктайғақ болады». Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, 9 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт болады. Сонымен бірге түнде және таңертең қар, тұман және көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3 градус және -5 градус аяз, ал күндіз -1 градус аяз және +1 градус жылу болады.

10 желтоқсанда көшпелі бұлт болғанымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6 және -8 градус аязды, күндіз -1 градус және -3 градус аязды көрсетеді. 11 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6 градус және -8 градус аяз, күндіз +3 және +5 градус жылы болады, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті дауыл туралы ескертіп, жүргізушілер мен қала тұрғындарын сақ болуға үндеді.

Алматының төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жолдағы көктайғаққа байланысты өте сақ және мұқият болуға шақырады. Құлап қалмау үшін көктайғақ кезінде мынадай ережелерді сақтау қажет:

  • қар мен көктайғақ кезінде автокөлікті жүргізу күрт нашарлайды, сондықтан көлікті дұрыс жүргізе алмай, нәтижесінде жаяу жүргіншіні қағып кетуі мүмкін;
  • көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда кесіп өту керек;
  • абай болу керек, әсіресе, жолдан өткен кезде, басқа нәрсеге алаңдамау керек (ұялы телефонмен сөйлесу, тағы басқа);
  • әрқашан аяқ астына қараңыз;
  • аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек: табаны тегіс болу керек және кедір-бұдырлы үлгіні қолдана отырып, сырғып кетпейтін материалдан жасалған болуы керек;
  • қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, тепе-теңдікті сақтай алмай қалуыңыз мүмкін;
  • тротуарлар, аялдамалар, дүкендер алдындағы баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі жиі құлайтын жерлерге жатады.