Асқар Мамин халық санағының алғашқы нәтижелерін айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндады.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71% – ерлер, 51,29%-і әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97% – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72%-і 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі 70,18%-ке жеткен.

Халықтың 59,05%-і, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.