Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы — Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жарияланатынын айтқан болатын.

3 қарашада ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мәжілістің жалпы отырысында рақымшылыққа кімдер ілінетінін айтты.

2 желтоқсан күні Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қабылдады.