Бұл туралы мәжіліс депутаты Айдос Сарым Facebook-тегі парақшасында жазды.
Алматыдан суыт хабар келіп жатыр… Қазақтың аса көрнекті тарихшысы, қоғам қайраткері, ұстазымыз Талас Омарбеков ағамыз дүниеден озыпты. Төбемізден жай түскендей болдық…, — деп жазды Айдос Сарым.
Талас Омарбеков 1948 жылы 29 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылында туған.
Еңбек жолын туған жеріндегі орта мектепте мұғалім болып бастаған.
1980-2001 жылдары жоғары оқу орындары, тарих институттарында ғылыми-педагогикалық, шығармашылық қызметпен айналысты.
2001 жылы Қазақ ұлттық университетіндегі ежелгі және ортағасырағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болды.
Ол 1929-1931 жылдардағы кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы Қазақстанда болған ұлт-азаттық қозғалыстары, 1931-1933 жылдардағы аштық зардаптарын алғаш рет терең зерттеді.
Талас Омарбековтің қазақ тарихының өзекті мәселелеріне арналған 7 монографиясы мен кітаптары, 200-ден астам ғылыми еңбектері қалды.
Тарихшы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» екі рет марапатталған.