Басты бет / Жаңалықтар /
e0967f1b03f507ac6cb1f6514f347cb9 Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті
Фото: instagram.com/krisp__almaty

Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша оқиға Ақсай 1А ауданындағы 8-үйде болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факті Әуезов аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелген.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, 22 қарашада «Жетісу» ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірінде әйел алдымен үш баласын лақтырып, кейін өзі 9-қабаттан секіріп кеткен еді. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмса, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram