Коронавирус пен пневмониядан 17 қазақстандық қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 5 желтоқсандағы мәліметі бойынша, 24 325 адам (–21 096+ және 3 229 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 4 882 пациент, амбулаторияда 19 443 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 363 адамның жағдайы ауыр, 96 пациенттің жағдайы өте ауыр. 61 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, елімізде күннен-күнге COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 632 адамнан коронавирус анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да