Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер жариялаған ескертуге сәйкес, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.