LRT жобасын банктер консорциумы қаржыландырады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді.

Қазір банктер арқылы инвестиция тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мен осы аптада ғана консорциум өкілдерімен кездестім. Бас кезінде кредит Қытайдың даму банкінен алынған. Ол ақша 4,9 процентпен берілді. Біз өзіміздің екінші деңгейлі банктерден 3,25 процентпен кредит алу мәселесін талқылап жатырмыз. Бұл алдынғы қарызға қарағанда тиімді кредит болады, — деді Алтай Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, LRT жобасының жалпы құны — 1,8 миллиард доллар. Осы уақытқа дейін 347 миллион доллардың жұмысы атқарылды.

Қазақстандық банктерден 3,25 процентпен кредит алудың арқасында 800 миллион долларды үнемдеуге болады,- деді Нұр-Сұлтан әкімі.

Алтай Көлгінов жобаны аяқтау үшін 1 миллиард доллар көлемінде қаржы тарту керек екенін айтты.

Нұр-Сұлтанда 1 млн 200 мың адам бар. Алдағы 10 жылда 2 млн адамға жетуі мүмкін. Дәл осы LRT өтетін сол жағалауда құрылыстың тығыздығы артып келеді. Былтырғы пандемия жылының өзінде Есіл ауданының халқына 40 мың адам қосылды. Мен өңірде жұмыс істегенмі. Өңірлер өлшемімен алсақ, бұл екі ауданның халқы деген сөз. Халық өсімі әлі жалғасып жатыр. Қазір банктер концорциумымен жұмыс істеп жатырмыз, — деді қала басшысы.