Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Халықаралық іздеу жарияланған шетелдік Қазақстанға экстрадицияланды

Иллюстрация: Dribbble.com©Сорен Селлеслаг

Қазақстанның бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Шубинді Германиядан елге экстрадициялады.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Сергей Шубин Ақмола облысында ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізіп беремін деп кәсіпкердің 170 мың еуросын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.

Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура Германия тарапымен айыпталушыны экстрадициялау туралы келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді, — делінген хабарламада.

Қазір ресейлік Нұр-Сұлтанның тергеу изоляторында қамауда отыр.