Ұлттық банк коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен жасалған KIIZ ÚI монеталары «Дала қазынасы» сериясын жалғастырады. Монеталардың дизайны киіз үй кеңістігінің шексіздігі мен ондағы көшпенділер әлемінің орнын білдіреді.

Ұлттық банк коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
Фото: ҚҰБ

Киіз үй – көшпелі түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін сақтаған, ұлттық қазына саналатын дәстүрлі қонысы. Ол адам мен дүниенің, күнделікті өмір мен мәдениеттің өзара байланысын бейнелейді.

Ұлттық банк коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
Фото: ҚҰБ

Номиналы 500 теңгелік тантал бар күмістен, номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған SALIÝT-1 коллекциялық монеталары «Ғарыш» сериясын жалғастырады. Монеталар Байқоңыр ғарыш айлағынан басқарылатын әлемдегі алғашқы «Салют-1» орбиталық ғарыш станциясының ұшырылғанына 50 жыл толуына орайластырылған.

  • Монеталар массасы 41,4 грамм күмістен және танталдан (сақина – 925 сынамалы күмістен, массасы 14,6 грамм, диск – массасы 26,8 грамм танталдан) дайындалған, диаметрі 38,61 мм, «proof» дайындау сапасымен, номиналы 500 теңгелік, дайындау таралымы – 2500 дана;
  • МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, «proof-like» дайындау сапасымен, номиналы 200 теңгелік, дайындау таралымы – 10 000 дана;
  • МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, «uncirculated» дайындау сапасымен, номиналы 100 теңгелік, дайындау таралымы – 100 000 дана.