Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі күніне 5 266 жағдай тіркелетінін мәлімдеді.

Бұл пандемия басталғалы бері күн сайынғы ең жоғары көрсеткіш. Оның ішінде 5 242 жағдай ел ішінде инфекцияның таралуына байланысты жұқтырса, қалған науқастар елге шетелден келгендер,- делінген агеттік ақпаратында.

Оңтүстік Кореяда екінші күн қатарынан күніне бес мыңнан астам ауру жұқтырғандар анықталды. Мұндай аурушаңдық республикада алғаш рет тіркеліп отыр. Сондай-ақ, елде COVID-19 ауыр жағдайдағы науқастардың саны бойынша рекорд жаңарды, қазір елде 733 адам бар.

Сонымен қатар, 3 желтоқсаннан бастап Оңтүстік Кореяға келген саяхатшылар 10 күндік карантинде жатады, бұл талап бұрын толық вакцинацияланған адамдарға да қатысты. Мұндай шаралар елде «омикрон» штамының алғашқы бес жағдайы тіркелгеннен кейін қолға алынды.