Басты бет / Жаңалықтар /
41f046e8be8abc38da8ac847c698990b Алматының Әуезов ауданында 33 көше жөнделді
Фото: Ашық дереккөз

Алматының Әуезов ауданында 33 көше жөнделді

Әуезов ауданында жалпы ұзындығы 255 шақырым 204 көше бар, бүгінде олардың барлығы 100% асфальтталған, 90% жағдайы жақсы деп бағаланады.

Қазіргі кезде жол шұңқырларын ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда, ақаулар 21 мың шаршы метрге жойылды. Жолдардың орташа жөндеуі аяқталып, 33 көшеге асфальт төселді.

Сайран Сайфеденовтың айтуынша, ауданды абаттандырудың басым мәселелерінің бірі көшені сапалы жарықтандыру болып табылады.

Биыл аудан аумағында 89 учаске бойынша қосымша 1 166 шам орнатылды, — деді аудан әкімі.

Ол тоғыз көшеде ескі шамдарды заманауи LED шамдарға ауыстыру жалғасып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта 151 жарық нүктесі орнатылған. Сонымен қатар, Әуезов ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады.

Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындар өмір сүру үшін қолайлы және жайлы орта құруға белсенді қатысады, көгалдандыруға көмектеседі.

Мысалы, Әуезов ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасының бүкіл жұмыс кезеңінде тұрғындар 230 ұсыныс берген. Оның ішінде 26 жоба іске асырылды. Н. Сац атындағы ЖТ-ға іргелес аумақ абаттандырылды, скейт-парк салынды, Togyzkumalak Smart Nation үстелдері орнатылды және 4-шағын аудандағы балалар алаңдары жөнделді, — деп нақтылады Сайран Сайфеденов.

Сайран Сайфеденов биылғы жылы жоспарланған 99 аула аумағының 89 ауласында абаттандыру жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. 2022 жылға 146 жобалық ұсыныс берілді, оның 46-сы дауыс беруге жіберілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша 23 жоба іске асырылды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook