Ақтауда жаңа салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты

Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ақпарат бойынша, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің алды жанған. Өрт сөндіруге 15 өртсөндіруші мен алты арнайы техника жұмылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Фото: Lada.kz

«Тұңғыш президент күніне қарамастан, ТЖД-ның барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызметке оралды. Гарнизонның жеке құрамы толық жауынгерлік әзірлікте, сондай-ақ, төтенше жағдайды жоюға дайын», — деп мәлімдеді ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.