Нұр-Сұлтанда әл-Фарабидің ескерткіші ашылды

Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші қола мен гранит материалдарынан жасалған. Ал жалпы биіктігі — 9,5 метр.

Ескерткіштің авторлары — А.Бүркітбаев, Д.Сарбасов, К.Бегулиев, А.Токбаев, Д.Усенбаев.

Салтанатты іс-шараға vемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, астана әкімі Алтай Көлгінов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Әбу Насыр әл-Фараби
Фото: Baq.kz
Әбу Насыр әл-Фараби
Фото: Baq.kz

Айта кетейік, былтыр елімізде түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын.