Kcell мен Beeline баспасөз орталықтары хабарлағандай, Ақпарат және коммуникация министрлігі мен байланыс операторлары жиын өткізіп, жаңа мәселені талқылады.«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес телефондардың идентификациялық кодын (IMEI) міндетті түрде тіркеу бекітілді.
«2016 жылғы 22 желтоқсандағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының «Байланыс туралы» Заңына сәйкес ұялы телефон операторлары IMEI-кодтардың бірыңғай деректер базасын құру бойынша жұмыстарды 2017 жылдың қаңтар айында бастады» — дейді Kcell баспасөз қызметі.
Осы заңға сәйкес ұялы байланыс операторлары тіркелмеген телефон абоненттерін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бұғаттайды. Қазір Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай деректер базасын құру жүйесі қолға алынуда.