Бұл туралы «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылғы 26 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» акционерік қоғамының Ми-8АМТ тікұшағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша «Нұр-Сұлтан – Екібастұз» бағытында шыққан. Алайда, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек елді мекенінің аумағында мәжбүрлі түрде қонды (Нұр-Сұлтан қаласынан шамамен 100 шақырым), — делінген хабарламада.
Бортта 5 адамнан тұратын экипаж, 2 дәрігер болды.
Мәжбүрлі қонудың алдын ала себебі — оң қозғалтқыштың тербелісі. Тікұшақ аман-есен қонды, зардап шеккендер жоқ. Экипаж мен дәрігерлер резервтік әуе кемесімен шығарылды, — делінген «Қазавиақұтқару» хабарламасында.