Атырау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған конкурс өтті

Конкурсқа қатысу үшін 1 шілде мен 20 қараша аралығында жарияланған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жұмыстар қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, конкурс шарттарына сәйкес жан-жақты қаралып, қорытындыланды. Бағалау критерийлеріндегі тақырыптың өзектілігін, кәсіби құзыреттілікті, тақырыпты терең ашуды және жарияланымдарды халыққа түсінікті жеткізуді ескере отырып, жеңімпаздар анықталды.

Комиссия құрамында Атырау-Ақпарат директоры Ы.Егембердиев, оның шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Қабдулов, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары З. Таласбекова және тәуелсіз сарапшылар болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде БАҚ-тың ерекше рөлін атап өтіп, олардың қоғамдық бақылаудың тиімді құралдарының бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

1 орынды «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі, республикалық «Время» газетінің меншікті тілшісі — Шильман (Тулина) Надежда иеленді.

2 орын — сайт корреспонденті «Depti.kz» А. Аманбек.

3 орын иегері «Атырау» телеарнасының журналисі Зейн Ерғали болды.

Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да