Өңір әкімі Маңғыстау облысындағы орташа жалақы республикалық деңгейден жоғары екенін айтты.
Статистикаға сүйенсек, облыстағы орташа жалақы 350 мың теңге. Бұл республикадағы орташа деңгейден жоғары. Мұнай-газ саласында басқа салалардан айтарлықтай жоғары жалақы алады. Сондықтан көрсеткіштер осындай, — деді Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.