Ақмола облысындағы жарылыс: Юрий Ильин оқиғаның себебін айтты

Дәл осы үйге өрт шыққанға дейін 8 қарашада біздің қызметкерлер барған. Нұсқаулық өткізді, жадынама беріп, датчиктер қойды. (…) Қазір тергеу жүріп жатыр. Бірақ, ең алдымен, газ баллон суық салдарынан әкелініп, жылыту пешінің қасына қойылған, осы себеп болды. Осы газ баллоны қайда толтырылатынын тергеу органы анықтайды, — деді Юрий Ильин Сенат отырысынан кейін.

Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған.

Кейін зардап шеккендер арасында балалар бары айтылды. Кейін Шортандыдағы тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді.