Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлады

Қазіргі кезде тас жолдарда полиция кезекшілік атқарып жүр. Олар алыс жолға шыққандарды кері қайтарып жатыр.

Азаматтарды ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, көлікпен ұзақ сапарды алдын ала жоспарлауға және құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударуға шақырамыз. Ал ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпаған дұрыс. Ондайда көліктің балама түрін пайдаланған жөн, — дейді полицейлер.

Таразда алапат дауыл болды. Салдарынан тұрғын үйлерде жарық өшті. Мамандардың айтуынша, стратегиялық маңызы бар нысандарда автономды энергия көздері қарастырылған.

5741a5439ddc9827c1b0326e861d0bbc Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлады

«Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты Жамбыл облысында дабылды ескерту жариялаған.

17 қарашада Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында қалың қар жауады. Солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ мен жаяу бұрқасын болады. Ал желдің екпіні секундына 23-28 метрге, кей кезде 30 метрге дейін жетеді, — делінген хабарламада.

c2a1328e57008ecd534db252517538e9 Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлады
Фото: Sputnik.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да