Басты бетҚоғамҚазақстандықтар АҚШ-қа...

Қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей әуе рейсімен ұшады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, екі ел арасында келісімге 2019 жылы 30 желтоқсанда қол қойылды.

Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Америка арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру.

Келісім аясында тараптар әуе компаниялары, пункттер мен рейстер саны бойынша, оның ішінде жолаушылар тасымалы үшін «әуе еркіндігінің» 5 деңгейімен шектеусіз ұша алады.

Бұл — ел тарихындағы алғашқы «ашық аспан» режиміндегі келісім. Яғни, кез келген отандық әуе компания үшінші елдерге жолаушыларды жеткізу және әкелу құқығымен Қазақстанның кез келген қаласынан Америка Құрама Штаттарының кез келген қаласына жолаушылар тасымалын, сондай-ақ АҚШ пункттері мен АҚШ-тан тыс кез келген пункттер арасында жүк тасымалын орындай алады, — деді Бейбіт Атамқұлов мәжілістің жалпы отырысында.

Әуе рейстерінің санына шектеу қойылмайды.

Бейбіт Атамқұлов заң жобасы Қазақстан тарапынан қосымша бюджеттік шығындар мен міндеттемелерге алып келмейтінін айтты.