Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардан қағаз құжат талап ететін органдарды сынады

Президент қазір ақпараттық базалардың арасында байланыс жоқ екенін, соның салдарынан қағаз жүзінде құжат талап ету үрдісі әлі де сақталып отырғанын айтты.

Қарапайым мәселені мемлекеттік органдар өздері қиындатып отыр. «Электрон үкіметтің» базасына әкімдіктердің және Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйелерін қосу керек. Сонда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жеңілдетеміз, азаматтардың уақытын үнемдейміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.