Елімізде студенттердің стипендиясы тағы екі есе өседі

Министрдің айтуынша, кейінгі жылдары гранттар саны екі есеге жуық өскен. Ал 2025 жылға қарай гранттар саны кезең-кезеңмен 75 мыңға дейін жетеді.

Сонымен бірге студенттердің шәкіртақысы да көбейеді.

Президент тапсырмасы аясында студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай екі есе, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есе артады, — деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Айта кетейік, қазір бакалавр студенттері 31 423 теңге шәкіртақы алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге 50 400 теңге төленеді.

Медицина мамандығында оқитын студенттердің де шәкіртақысы екі есе – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін көбейді.

Ал магистранттардың стипендиясы – 76 950 теңге, докторанттар – 172 500 теңге алады.