Қазақстанда тағы үш елдің вакциналау паспорты мойындалды

Тізімді Перу, Сербия және Тунис толықтырды. Осылайша, қазір тізімде 20 мемлекет бар.

Қазақстан аумағында Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Иордания, Қырғызстан, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия және Эстонияда берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациясының паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылсын, — делінген құжатта.

Құжаттардың үлгілері қаулыға қосымшада келтірілген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да