Даниал Ахметов: Өңірдегі 85 мың бала вакцина салдыруы қажет

13 қарашадағы мәлімет бойынша, Бұл Шығыс Қазақстан тұрғындарының 67%-і. Сіздердің қолдауларыңызға тағы бір мәрте алғыс айтамын. Өйткені вакцинация қоғам денсаулығын сақтаудың бірден бір жолы, – деп жазды облыс әкімі Facebook-тегі парақшасында.

Облыс әкімі осыған байланысты алдағы бір-екі күнде вакцинацияның 2-ші компонентін салдыруды аяқтау керектігін айтты.

Нәтижесінде, облыс тұрғындарының 95 %-і вакцинацияланады. Бұл еліміз бойынша алдыңғы қатарға шығуға және «жасыл аймақта» қалуымызға мүмкіндік береді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес облысқа Pfizer вакцинасының 35 мың дозасы жеткізілді. Сондықтан жақын арада 12 мен 18 жас аралығындағы 85 мың бала, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуы қажет. Бұл ұжымдық иммунитетті нығайту мен аурудың таралуына тосқауыл бола алады, – деді Даниал Ахметов.

Даниал Ахметов вакцинация шарасына белсенді қатысып жүрген барлық шығысқазақстандыққа ризашылық білдірді.

Енді ең бастысы ата-аналар балалар вакцинациясына асқан жауапкершілікпен қарауы қажет. Балаларды қауіпті вирустан құтқару – біздің міндетіміз. Вирустың күн сайын өзгеріп, балалар денсаулығына да қауіп төндіріп келе жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан вакцинация олардың денсаулығын қорғап, сақтап қалады. Бұл біздің болашағымыз үшін маңызды!, – деді облыс әкімі.