Өскеменде қатты жел ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, түрлі мекеме кеңселері орналасқан нысанның жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрайды.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Сол жерде жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатыр, − делінген ақпаратта.

ТЖД мамандары осыған дейін өңір жұртшылығына дауылды ескерту жариялаған болатын. Қандай да бір қиындыққа тап болған тұрғындар «112» нөміріне хабарласулары қажет.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да