Премьер-министр: Қазақстанда эпидемиология ахуалы жақсарып келеді

Бүгінде «қызыл» аймақта екі өңір – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Вакцинацияға келер болсақ, 8,5 миллион адам бірінші компонентті салдырды. Екінші компонентті – 7 миллион 800 мың адам. Ересектер туралы айтатын болсақ, бірінші компонентті 75 проценті, екінші компонентті 69 проценті салдырды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Біз қазір вакцина ала алатындардың санатын кеңейттік – бала емізетін және жүкті әйелдер, сонымен бірге 12-ден 18 жасқа дейінгі оқушылар қосылды, – деді Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Үкімет басшысының айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханаларындағы жүктеме деңгейі денсаулық сақтау жүйесі жұмысын орындап жатыр.

Алда болуы мүмкін жаңа толқындарға жиған-тергеніміз бар. Біз төртінші толқыннан аман өттік. Еуропаның кейбір елінде және біздің көршілес елдерде қандай жағдай қалыптасқанын білесіздер. Осыған орай, біз эпидемиология ахуалын тұрақты сақтай алып отырмыз деп санаймын. Аталған екі өңір (Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) біз бақылап отырған динамикаға сәйкес, жақын арада «қызыл» аймақтан шығуға тиіс, − деді Асқар Мамин.