Әкімшілік полиция: Елімізде жыл сайын мыңдаған азамат ата-ана құқығынан айырылады

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Жасұлан Байкенов айтты.

Ішкі істер департаменті өтінішхаты бойынша алкоголь ішу салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылысымен есепте тұрған 3 756 азаматты сот медициналық мекемеге мәжбүрлі түрде емделуге жіберді. Одан бөлек, жыл сайын осындай мыңдаған тұлға ата-ана құқығынан айырылады, — деді басқарма басшысы министрлікте өткен брифингіде.

Ведомство отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептерін жою бойынша алдын алу шараларын жүргізу кезінде барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымды тартады.

Отбасылық зорлық-зомбылық көп әлеуметтік және жеке проблеманы тудыратын өте өзекті де ауқымды мәселе ретінде қарастырылады. Зорлықтың құрбаны болғандарға көмек көрсету үшін елімізде дағдарыс, отбасыны қолдау орталықтары, «сенім телефондары», отбасы мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, психологиялық-медициналық-әлеуметтік орталықтар, сондай-ақ уақытша немесе тұрақты асырап алатын отбасылар бар, — деді Жасұлан Байкенов.