Алматы — Дели әуе рейсі қашан ашылуы мүмкін?

Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

Үндістан мен Қазақстан арасындағы әуе рейстері 2020 жылдың 20 наурызында тоқтатылды. Бізге Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Алматы — Дели рейсі жақында қайта ашылатынын мәлімдеді. Содан кейін туризм жанданады деген үміттеміз, — деді Шубхдаршини Трипати ІТЕС бағдарламасы түлектерінің кездесуінде.

Дипломат сонымен бірге Үндістанда коронавирус жағдайы тұрақталып, жақсарып келе жатқанын айтты.

Миллиардтан аса адам екпе салдырды. Ауру жұқтырғандардың өсім деңгейі де бірден төмен болып тұр. Яғни, жағдай жақсарып келеді, — деді Шубхдаршини Трипати.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда Алматыдан Гоаға чартерлік рейстер ашылатыны белгілі болды.