Білім басқармасы мектеп оқушылары арасындағы төбелеске пікір білдірді

Маңғыстау облысы Білім басқармасы Ақтауда мектеп оқушыларының арасындағы төбелестің мән-жайын баяндап берді.

Биыл 11 қарашада сағат 10:20 шамасында Ақтау 28-ші шағынауданда орналасқан М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебінің екінші қабатында орналасқан әжетхананың ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер сөзге келіп қалып, бір-біріне төбелес үстінде дене жарақатын салған, − делінген басқарма мәліметінде.

Оқиға болған күні мектептегі 2 қабаттың кезекші мұғалімі әжетханадағы дыбыстарды естіп барғанда, есінен танып құлап жатқан оқушыны көрген.

Мектеп әкімшілігі оқушыға алғашқы көмек көрсетті. Оқиға мектеп инспекторы мен оқушылардың ата-аналарына ескертілді. Мектепке жедел жәрдем шақыртылды,  − делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, баланың басына ауыр соққы жасалғаны және жағы сынғаны анықталды.

Сол күнгі кезекші мұғалімнен, сынып жетекшілерінен аталған оқиға бойынша түсініктеме алынды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған оқиға бойынша №20 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тәртіптік шара ретінде «сөгіс» жарияланды. Оқушыға қатысты мәселе Ақтау әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясында қаралады. Комиссияның уақыты мен күні қосымша тараптарға хабарланады, − делінген басқарма мәліметінде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да