Шығыс Қазақстанда пәтерден өрт шығып, үй иесі қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, Нагорная көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенген.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Олар бірінші кезекте подъезден 3 адамды эвакуациялады. Содан кейін түтін тұмшалаған көрші пәтерден 14 жастағы қыз құтқарылған.

Өрт шыққан пәтерден 1972 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Көп ұзамай 2 шаршы метрге жайылған жалын ауыздықталды. Өрттің шығуына мас күйде темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін, − делінген хабарламада.