Ералы Тоғжанов: Балалар ата-анасының жазбаша келісімімен ғана вакцина салдырады

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жасөспірімдерді Pfizer вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыру жөнінде тапсырма берді.

Бүгін COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Ералы Тоғжанов барлық өңірдің басшылығына белгіленген ережені қатаң сақтауды және жасөспірімдерді баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша ақпараттандырылған келісімімен ғана вакциналауды тапсырды, − делінген ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді егуге арналған Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген еді.