Басты бетЖаңалықтарҚуаңшылықтан зардап...

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі

Бұл шешімді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшылығы мен бірқатар қаржы ұйымының өкілдері қабылдаған.

Салаға жауапты басқарма басшысылары мен «Ырыс» қаржы ұйымы мамандары Әлімтау, Жамбыл, Бозай ауылдық округтерінің 100-ге жуық шаруасымен кездесті. Оларға алдағы уақытта берілетін несиенің шарттарын түсіндіріп, жылдық үстеме қаржысы 6 проценттен аспайтынын жеткізді. Сонымен бірге мал ұстайтын азаматтарға қиындық туғызған несие алу үшін кәсіпкерлік сертификаты талап етілмейтінін атап өтті.

Айта кетейік, өңірдің ауыл шаруашылығы тарапынан биыл ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына Сарыағаш ауданы бойынша 112 АШТӨ-ге 170 606,5 мың теңге, Келес ауданы бойынша 106 АШТӨ-ге 233 164,5 мың теңге мемлекеттік қолдау қаржы (субсидия) берілген еді.