Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі хатшылығы кеңсесінің ашылуына қатысты

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан президенттерімен және Мажарстан премьер-министрімен бірге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, — деп жазды Берік Уәли.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары Түркі кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстамбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бет алған. Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17.30-да басталады.