Жетісуда ата кәсіп елді асырайды

Мәселен, егін егудің тың әдісі – тамшылатып суару. Дақыл егудің осы тәсілі елімізде қолға алынғанына көп болмады. Өйткені еліміздің аумағы 29 пайыз далалық, 44 пайызы шөлейтті. Демек, жеріміздің жартысынан көбі шөлді және шөлейтті деген сөз. Ал тамшылатып суару еліміздегі диқандардың тынысын ашатыны белгілі. 2005 жылы республика бойынша 160 га жерге тамшылатып суару әдісі қолданылса, 2009 жылы – 4,2 мың гектар, 2011 жылы – 18,3 гектарға өссе, 2015 жылы 50 мың гектарға жеткен. Он жыл ішінде 300 есеге өскен. Сандар солай дейді. Биыл Қаратал ауданының шаруалары 200 гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолданып егін егуге көшті. Мұндай тіршілікті тұрмысына арқау еткен құрылымдардың қатарында «Нам.Л», «Рем.С», «Ким.А», «Ан.В» және «Жаһан» шаруа қожалықтары бар. Ауданның ауылшаруашылық саласының мамандары тамшылатып суару әдісімен егін егу арқылы өнімділік 3-4 есе ұлғайған.

Жалпы ауданда тіркелген 1202 ауылшаруашылық техника бар. Бұл техниканың ішінде 744 трактор, 88 комбайн, 255 тіркеме, 115 жол құрылысына арналған 115 дана техника бар. Бұл техникалар жыл сайын жағартылып отырады. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауылшаруашылық машиналар сатып алынып, еңбек өнімділігін арттыруға септесуде. Мұнан бөлек ауданда 6 сервистік дайындау орталығы жұмыс істейді. Сервистік дайындау орталығы өңірде жұмыс жасайтын өндірістің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ тауар өндірушілердің ұйымдастырушылық сұрақтарын кешенді түрде шешуге атсалысады. Бұл құрылымның құзырына өнімдерді дайындау, сақтау, сату және қайта өңдеу, материалдық-техникалық мүліктермен қамтамасыз ету, кеңестік, заңды маркетингтік және машина-тракторлармен қызмет көрсету, кәсіптік-техникалық мамандарды дайындау және қайта дайындау жатады. Аудандағы 6 сервистік дайындау орталығының 3-еуі қызылша өндірісіне, 1-еуі күріш және 2-еуі егін бағытында қызмет етеді. Сервистік даярлау орталықтарында құны 761 млн. теңгені құрайтын 74 ауылшаруашылық техника бар.

Жалпы Қаратал ауданындағы ауылшаруашылық техникаларды жанар-жағар маймен қамту жайы да әбден пысықталған. Аудан шаруаларына 2021 жылға 710 тонна, Үштөбе депосынан 163 тонна жанар-жағар май беріледі. Көктемгі егін егу жұмыстарына қараталдық диқандарға 360 тонна көлік отыны қарастырылған еді. Үштөбе аумағы бойынша «Silk Way Petroleum» ЖШС-нің жанармай қоймасынан қазіргі таңда – 297,8 тоннасы алынған.

Мал шаруашылығы қазақтың ата кәсібі. Төрт түліктің жайына сай жыл мезгілдеріне орай көшіп-қонып жүрген баба жұрттың кәсібі бүгінде де кең етек жайып келеді. Өйткені ауылшаруашылығының ішінде мал шаруашылығы экономиканың негізгі тірегі десек артық айтқандық емес. Өйткені, ет, сүт өніміне жыл өткен сайын тек бізде емес, шетелде де сұраныс артып келеді. Нәтижесінде шетелге қазақтың төрт түлігінің өнімдері экспортталуда. Жай экспортталып жатқан жоқ, оның көлемі жыл өткен сайын артып келеді.

Қаратал ауданында мал шаруашылығының көсегесі көгеріп келеді. Өткен жылмен салыстырғанда мал саны мен онан өндірілетін өнім көлемі едәуір артқан. Мәселен, мүйізді ірі қара саны өткен жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға артып, аудан аумағында сиыр саны 51 362 басқа жеткен. Қой мен ешкі саны 130 мың 741 басқа жетіп, уақ малдың өсімділігі 103,6 пайызға жеткен. Қамбар ата тұқымы 10,74 мың басқа жетсе, таңқы мұрын шошқа 185,5 пайызға жеткен, яғни 6910 басқа жеткен. Бұл үстіміздегі жылдың 5 айындағы мәлімет. Айтпақшы, былтыр елімізде құс шаруашылығы біршама тоқырауға ұшыраған еді. Себебі жыл құстары мен өзге де себептер нәтижесінде пайда болған құс індеті елдің құс шаруашылығын тұралатты. Соған қарамастан биыл ауданда бұл шаруашылық қарымды өсіп келеді. Қаратал ауданында 100 мыңға жуық құс өсіріледі. 2021 жылы өнім өндіру бойынша өлкеде ілгерілеу бар.Мәселен, аудандағы төрт түлік өсірушілер 3008 тонна ет, 8198 тонна сүт өнімі өндірілген. Құс шаруашылығындағы өнідіс орындары да 4116 мың дана жұмыртқа өндіріп, меже 105,1 пайызға орындалған.

Елімізде мал шаруашылығын өрістетуге бірнеше мемлекеттік бағдарламалар бар. Олардың мақсаты – мал тұқымын асылдандыру, өнім өндіруді еселеу. 2021 жылы «ТастобеАгроФуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еңбең өнімділігін артыру бағытында қарқынды жұмыс істеуде. Серіктестік үстіміздегі жылы 96 бас буаз құнажында Германиядан алдырды. Оған 124 млн. теңге несие алынған. Мұнан бөлек «Кең дала» дала бағдарламасы арқылы аудандағы түлік өсірушілер 117,5 млн. теңге несиеге қол жеткізген.

«Малым – жанымның садақасы…» деген бабаларымыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығын өркендету еліміздегі шаруалардың тіршілік тынысын кеңейтудің бірден-бір дара жолы. Әдетте, экономикалық қуаттылық жайлы ой қузасақ, ойға бірден мұнай немесе қазба байлықтар келеді. Дегенмен, табиғи жер асты байлықтары түбінде сарқылып таусылары хақ. Дала төсінде маңдай тер мен қажырлы еңбекпен жүрген аудан диқандары мен төрт түлікті тіршілігіне арқау еткен ағайынның арқасында аудан экономикасы барынша өсіп келеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да