Геннадий Головкин қашан рингке шығатынын айтты

Әлеуметтік желіде ол алдағы бірлескен жекпе-жектің афишасын жариялады.

Жапонияда ауқымды драма болады. 29 желтоқсанда кездескенше, — деп жазды Геннадий Головкин.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Жекпе-жекті DAZN қызметі көрсетеді деген болжам бар.

Екі боксшы да ұзақ үзілістен кейін алаңға шығады. Геннадий Головкин былтыр желтоқсаннан бері кәсіби аренаға шықпады, ал Риота Мурата 2019 жылдың соңынан бері жеке-жекке шықпады.

Риота Муратаның кәсіби алаңдағы жолы 2013 жылы басталды, ол 18 жекпе-жек өткізген, оның 16-сында жеңіске жеткен. Соның ішінде 13 адамды накаутқа түсірген. Мансабында екі жеңіліс бар, бір рет тең түскен.

Бұған дейін боксшылардың жекпе-жегі DAZN қызметі олардың алаңға шығуын растамайынша өтпейтіні хабарланған. Тараптар келісті. Бұл Геннадий Головкин үшін DAZN-мен жаңартылған мәміле аясындағы алғашқы жекпе-жек болады.