Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Таразда автобус жаяу жолаушыны қағып кетті

Иллюстрация: Den-der.kz

11 қараша күні таңертең Жамбыл және Төле би даңғылдарының қиылысында маршруттық автобустың 22 жастағы жүргізушісі көлік құралының қозғалысына қатысты жолды оңнан солға қарай кесіп өткен 58 жастағы әйелді қағып кетті, – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соқтығысу салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақалаға реакция