Жамбыл облысындағы жарылыс. Берік Уәли қалыпқа келтіру жұмыстары туралы айтты

Берік Уәли Facebook-парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, мемлекеттік уәкілетті органдарға қаза тапқан азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырғанын жазды.

  • Жарылыс салдарынан қираған 176 нысанның бүгінде 173-і қалпына келтірілді. 35 тұрғын үй, 10 коммерциялық нысан, 2 мектеп пен 1 дәрігерлік пункт пайдалануға берілді. 2 коммерциялық нысанның және Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.
  • Қайнар ауылында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, үйлерге газ, су берілді.
  • Қайта қалпына келтіру жұмыстарына Үкімет резервінен 1,2 миллиард теңге бөлінді және демеушілер есебінен 102,3 миллион теңге жұмсалды.
  • Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 15 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетілді.
  • Қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелді, — деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, 26 тамызда Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімінің аумағында болған өрт пен жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапқан еді. Бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Қаза тапқандар арасында Төтенше жағдайлар департаменті мен прокуратура қызметкерлері және әскери қызметшілер бар.