«Аңсаған сәби». Медицина сақтандыру бойынша тегін квотаны қалай алуға болады?

  1. Алдымен тіркелген жері бойынша емханаға барып, участкелік гинеколог немесе уролог дәргергердің қабылдауында болу. Толық тексеріп диагнозды анықтау қажет.
  2. Бұл тексеру медицина сақтандыру аясында тегін жүреді.
  3. Тексерудің нәтижесті бойынша әйелдің құжаттары мультидисциплинарлык  комисияга   көрсетіледі. Ол комиссияға жетекші мамандар кіреді.
  4. Өз кезегінде  комиссия пациенттің медициналық құжаттамасынан қарап, ЭКО ға шешім шығарады.
  5. Комиссия растауымен әйелді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркейді. Ем шараға дайындай бастайды.  Оның барлығы электрон түрде болады.
  6. Бұдан әрі пациент өзі таңдаған ЭКО клиникадағы репродуктологқа тікелей  барып, барлық ұсынымдары мен талаптарын орындай отырып, ЭКО багдарламасына  кіреді.