Шығыс Қазақстан облысында аю атқан браконьер ұсталды

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

45 жастағы азамат Тұрғұсын ауылының маңында аюды тұзаққа ұстап алған. Етін өзіне алып, терісін сату үшін дайындауға ниеттенді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабына (Заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын сомасы анықталып жатыр, — деді облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Ведомствоның хабарлауынша, жедел-алдын алу шарасы басталғалы бері полицейлер 200-ден астам рейд өткізді. Нәтижесінде, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 420 фактісі тіркелген.