Басты бетЖаңалықтарЕлімізде маска тағу талабы қашан күшін жояды?

Елімізде маска тағу талабы қашан күшін жояды?

Үкімет отырысынан кейін журналистер Айжан Есмағамбетоваға «Ashyq жүйесінде «жасыл» статусы бар қазақстандықтарға сауда орталықтарына маскасыз бара ала ма?» деген сұрақ қойды.

Жоқ, міндетті түрде маска тағулары қажет. Бұған дейін де вакцина салдырғандардың ауырып қалуы мүмкін екені айтылды. Сондықтан маскасыз бару қауіпті болуы мүмкін. Алайда вакцина салдырған азаматтарда ауру жеңіл түрде өтеді. Инфекция жұқтыру қаупі де төмен болады, алайда мүлде жұқпайды деуге келмейді, – деді Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар комитет басшысы Қазақстанда медицина маскасын міндетті түрде тағу туралы талап қашан күшін жоятынын айтты.

Дәл қазір нақты күнін ешкім айта алмайды, бұл – көп факторлы әрекеттен кейін қабылданатын шешім. Вирус әрі қарай мутацияланып жатыр. Біз вакцина алуды ұзаққа созып жіберсек, вирус та көбейіп, мутацияға ұшырайды. Ал мутациялану процесін қазір болжау мүмкін емес, – деді комитет басшысы.

Еске салайық, осы жылдың сәуірінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қазақстандықтардың 60%-і коронавирусқа қарсы вакцина салдыру қажет екенін айтқан еді. Сонда ғана маска тағу мәселесі қаралатынын жеткізген.