Алматыда 18 жастағы қызды өртеп жіберген күдікті ұсталды

Бұл туралы Алматының полиция департаменті хабарлады.

Оқиға Медеу ауданындағы «Латифа» тұрғын үй кешенінде болған.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұсталды, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдікті С. деген азамат Алматы қаласының маңында ұсталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына (ұстап алу негіздері) сәйкес ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр, — деп хабарлады Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Айта кетейік, қыздың қазасы туралы жазба 8 қарашада әлеуметтік желіде жарияланды.

Алдымен тұншықтырып, кейін өртеген. Учаскелік полицияға бұған дейін тәулікке берілетін пәтерлерде притон бар екенін бірнеше рет айттық. Бірақ олар тұрғындардың сөзін елемеді. Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр, — делінген желідегі жазбада.

Алматы полиция департаменті кісі өлімін растады. Сонымен бірге жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, жантүршігерлік жағдай 13-қабатта болған. Тұрғындардың айтуынша, 18 жастағы А. есімді қызды жігіті өлтірген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да