Қашағаннан миллион тонна мұнай экспортқа жөнелтілді

Жалпы Қашаған толық қуатқа көшкенде тәулігіне бір жарым миллион тонна баррельге дейін мұнай шығаруға қауқарлы. Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2017 жылы республика бойынша мұнай мен газ конденсатының өндірісі 80 миллион тоннадан асып жығылады.

Елімізде алдағы ақпан айында мұнай өндіру көлемі мен әлеуметтік-экономикалық даму корсеткіштерінің болжамдарын қайта қарау жоспарланып отыр. Әзірге бұл – алдын ала жасалған болжам.

Еске сала кетейік, ОПЕК-пен жасалған келісімге сайкес Қазақстан өткен жылдың желтоқсан айынан тәулігіне қара алтын өдіру көлемін 20 мың баррельге дейін қысқартты.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: Жарты жылға жасалған келісім еліміздің экономикасына айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бізде ол 1 пайызданда аз. Сондықтан барлық әлеуметтік-экономикалық даму болжамын толықтай қайта қарап шығамыз. Бұл жағын энергетика министірлігімен бірлесіп шешетін боламыз.

ДереккөзKazakh-tv.kz