Министр шахтадағы жарылысқа қатысы барлар жазаланатынын айтты

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, алты адамның өмірін қиып, екі адамды жарақаттаған апатқа метан газының кенеттен үлкен дүмпумен шығуы себеп болған.

Министр жойқын жарылыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы участокты 500 метрге дейін тереңдікте көмір қазуға дайындық басталған кезде болғанын айтты. Сол уақытта, яғни таңғы сегізде жөндеу бригадасы шахтаға түскен.

Шахтада газ бірден еселеп көбейіп, дүмпу болған. Забойдағы алты адам өзін-өзі құтқару құралдарын пайдаланып та үлгермей өліп кеткен. Шахтаға кіре берісте тұрған екі адам сақтанып үлгерген, олар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Дүмпу себебін комиссия тексеріп, технология процесінде ақау болған ба, жоқ па анықтайды, − деді ведомство өкілі.

Осы іс бойынша министр президент тапсырмасына сәйкес үкімет комиссиясы құрылғанын хабарлады. Қазір шахтаның суы сорылып, ауасы тазартылып жатыр. Содан соң комиссия оқиға орнына барады. Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Министр күдіктілер бар екенін айтты.

Апатқа себеп болған жайтты ешкім жасырып қала алмайды. Комиссия себебін анықтап, мұндай оқиғалар қайталанбас үшін не істеуі керектігі жайлы ұсыныс бергенше жұмыс істейді, – деді Төтенше жағдайлар министрі Ильин.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да