Президент «Абай» шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты

Президент сонымен бірге зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлардың отбасына көмек беруді тапсырды. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды. Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 7 қараша күні, сағат 08.37-де Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының кенеттен жарылуынан 6 адам қаза тапты. 2 адам зардап шекті. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің аты-жөні жарияланды.

Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін өзі эвакуациялаған.