Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды

«Абай» шахтасында қаза тапқандар:

— Шмидт Виталий Владиславович, 1979 жылы туған;
— Скитченко Николай Николаевич, 1968 жылы туған;
— Абдуллин Наиль Рамильевич, 1990 жылы туған;
— Супрунов Алексей Алексеевич, 1987 жылы туған;
— Краус Сергей Юрьевич, 1983 жылы туған;
— Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 жылы туған.

Зардап шеккен азаматтар:

— Маралбаев Женис Мерекеевич, 1963 жылы туған;
—  Зейналов Элайдын Авезоглы, 1960 жылы туған.

ТЖД жедел штабы құрылды, телефон (8-7212) 51-11-10, жедел желі — (8-7212) 51-72-23.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Абай» шахтасында кеңес өткізді. Жағдай туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз және басқа да жауапты тұлғалар баяндады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел штаб құрылды, оған компания мен мемлекеттік орган өкілдері кірді. Облыс әкімі және компания басшылығы қаза тапқан кеншілердің отбасына барады, — делінген хабарламада.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды.

Еске салайық, бүгін, 7 қараша күні, сағат 08.37-де Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының кенеттен жарылуынан 6 адам қаза тапты. 2 адам зардап шекті. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін өзі эвакуациялаған.