Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

54 келі салмақ дәрежесі бойнша жартылай финалда қазақстандық Махмұд Сабырхан қарсыласынан басым түсті. Ол үндістандық Акаш Кумарды ұтып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды, — делінген хабарламада.

Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы екінші финалы. Бұған дейін 48 келіде Теміртас Жүсіпов финалға шыққанын хабарлаған едік.

Белград шаршы алаңында финалдық жолдаманы сарапқа салу үшін Қазақстан сапынан тағы үш спортшы шығады. Олар: Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов және Сәкен Бибосынов.